Жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгіну ережелері

Жедел жәрдем келесі жағдайларда шақырылады:

  1. Қайғылы оқиғаларда, жарақаттар немесе уланғанда.
  2. Ауру асқынғанда, науқастың немесе оны қоршаған адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде.
  3. Босану және жүктілік ағымындағы асқынулар.

Осы жағдайларда жедел медициналық жәрдем қызметіне шұғыл жүгініңіз (ЖМЖ).

Ескерту: сонымен бірге, мамандардың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жүгіну бойынша, ЖМЖС қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастарды тасымалдауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтық алмағандарға, оның аймағында тұратындарға жедел медициналық жәрдем тегін көрсетіледі.

ЖМЖ қызметінің мамандары келесі жағдайларда үйге бармайды:

  1. Амбулаторлық-емханалар жұмыс істеген уақытта шұғыл медициналық жәрдемді қажет етпеген жағдайда науқастың үйіне.
  2. Емдеуші дәрігері тағайындаған, процедураларды орындауға (көктамыр ішіне, бұлшық ет ішіне, тері астына дәрі жіберуге, қандағы қантты анықтау және т.б.)
  3. Шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін жоспарланған науқастарды тасымалдауға.
  4. Сот-наркологиялық және медициналық талдаулардың басқа да түрлерін жүргізуге.
  5. Медициналық ұйымдарға кеңестік көмек көрсетуге.
  6. Науқастарды стационардан үйге жеткізуге.
  7. Қазалы жағдайларды куәландыруға.

Ескерту: сонымен қатар, жедел медициналық жірдем қызметінің мамандары сот-медициналық қорытындылар, алкогольдік мастану куәландыру актілерін, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамалар бермейді.

Жедел медициналық жәрдем қызметіне қоңырау шалып жүгінуші келесі ережелерді сақтауы қажет:

№1 ЕРЕЖЕ

Қоңырау шалған адам науқастың анық мекенжайын, кіретін есіктің кодын, сондай-ақ үйге тез жетудің барлық мүмкіндіктерін түсіндіріп хабарлауы керек. Сонымен бірге, жедел медициналық жәрдем қызметі мамандарының науқас туралы қойылған барлық сұрақтарына анық жауап беруі ҚАЖЕТ. Өйткені қажетті бейіндегі (кардиологиялық, педиатриялық, бағыттағы және т.б.) бригадалардың тез жетуі осыған байланысты болады.

№2 ЕРЕЖЕ

Диспетчермен сөйлесіп болғаннан кейін бірнеше минут өткенде, пәтерде тұратын кісілердің біреуі (егер, әрине, жағдай мүмкіндік берсе) көшеге шығып «жедел жәрдем» қызметкерлерін күтіп алсын. Әсіресе осындай әрекеттер кешкі және түнгі уақыттарда кесдеседі. Қалай дегенмен, біріншіден, бригаданың тез жетуіне септігін тигізеді, ал екіншіден әйелдер басым болған ЖМЖ қызметкерлері үшін кепілдік береді.

№3 ЕРЕЖЕ

«Жедел жәрдем» қызметкерлері, оқиға орнына келіп жеткенде, жұмыс істеу үшін жағдай жасалуы керек, өйткені оның тиімділігі осыған байланысты болады.

№4 ЕРЕЖЕ

Науқасты ауруханаға жеткізуде оны шығарып салуға тек қана бір туысы немесе танысына рұқсат беріледі.

Ескерту: тұлға, жедел медициналық жәрдем бригадасына негізсіз шақырту жіберсе немесе диспетчерге жалған ақпарат хабарласа, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.