Қызмет саласы


Емханада тіркелген тұрғындарға алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық, мамандандырылған медициналық, стационар алмастырушы көмек түрлері көрсетіледі.

Емхана қызметінің негізгі қағидаттары: қызмет көрсетілетін тұрғындарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету; заманауи, сапалы, үздіксіз, қауіпсіз медициналық көмектің абсолютті қолжетімділік қағидаты; емделушілердің медициналық қызметке қанағаттануы; медициналық көмек көрсету кезіндегі жоғары кәсіпқойлық деңгейі.

Ересектер мен балаларға консультациялық-диагностикалық кһмек 22 мамандық бойынша көрсетіледі және зертханалық, рентгенологиялық, функциональдық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық тексеру диагностикалық әдістері жүргізіледі.

Сандық рентгенографияға, сандық флюорографияға арналған аппарат, бейнеэндоскопиялық жүйе, бейнегастроскоп, гастрофиброэндоскоп, дефибриллятор, компьютерлік көпарналы электроэнцефалограф, ультрадыбыстық диагностикалық сканерлер, көз офтальмоскопиясына арналған жарықты лампа, гематологиялы талдауыш, несеп талдауышы, физиоаппаратура, ЭКГ-аппараттары және т.б. жұмыс істейді.

Туберкулезді ерте анықтау үшін өткен жылы емханада 2 жылжымалы сандық флорографиялық кабинет сатып алынды. Ұлттық бағдарлама аясында қан айналымы жүйесінің, негізгі ауруларының, қант диабеті, глаукома, сондай-ақ ісік алды және қатерлі ісіктердің алдын алуға, ерте анықтау мен болдырмауға жолданған ересек тұрғындар арасында жыл сайынғы скринингтік тексерулер жалғасуда.

Сонымен бірге, жыл сайын әртүрлі жастағы анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерімен байланысты ауруларды ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі.

Диспансерлік, қауіп-қатер факторлары бар науқастарға, жағдайы тәулік бойы бақылауды талап ететін мүгедектерге емдеу-алдын алу іс-шараларының кешенін жүргізу үшін емхана жанында күндізгі стационар жұмыс істейді.

Пациенттерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу үшін емханада пациенттердің медициналық ұйымды еркін таңдауын қамтамасыз ететін ауруханаға жатқызу бюросы порталының жұмысы жолға қойылған.

Медициналық қызметтер сапасын жақсарту, тұрғындардың шағымын азайту мақсаттарында, сондай-ақ мәселелерді «шұғыл түрде» қағидаты бойынша шешу үшін емханада Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі жұмыс істейді.

Емхана қызметінің басым бағыттары: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша дайындық шараларын, сонымен қатар халық пен емана персоналы арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ары қарай жалғастыру; ана мен баланың өлім-жітімі көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттану және осы себептерден қайтыс болу көрсеткіштерін азайту және тұраұтандыру; емхана әрігерлері мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру; халықтың жекелеген санаттарын скринингтік тексерулер мен профилактикалық медициналық қарау сапасы мен тиімділігін жақсарту бойынша іс-шараларды жалғастыру; емханада пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің жұмысын белсендіру.