Этикалық кодекс

Астана қ. "№3 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

этикалық кодексі

Емхана қызметкері өз жұмысында  төменде көрсетілген адамгершілік және этикалық  қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс: 

  1) осы Кодексті және ар-намыс кодексін басшылыққа алу; 

  2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға ықпал ету; 

  3) тек пациенттің мүддесі үшін шешімдер қабылдау; 

  4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкері жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу; 

  5) өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалфы орындау; 

  6) өзінің кәсіби білімін үздіксіз жетілдіру; 

  7) жеке бастың пайасы үшін емдеу мен алдын алу әдістерін және құралдарын жарнамалау мен пайдалануға жол бермеу; 

  8) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау; 

  9) емхананың мүлкіне ұқыппен қарау және тиімді пайдалану; 

 10) жемқорлық көріністерін қарсы тұру; 

 11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік пен жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу; 

 12) ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық ахуал құруға ықпал ететін үлгі көрсету; 

 13) өзге медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан ар-намыс кодексі нормаларының бұзылуы мен орын алуына жол бермеу; 

 14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде белгіленген киім үлгісі тәртібін сақтау. 

Емхана қызметкерлері пациенттермен қарым-қатынас орнату кезінде келесі қағидаттарды сақтауы тиіс:

  1)  жасына, жынысына, ұлтына, діни ұстанымына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы мен кез келген өзге жағдайларға қарамастан, адамның құқығын, ар-намысы мен абыройын құрметтеу; 

 2) медициналық көмекті қажет еткен кез келген тұлғаға көмек көрсету; 

 3) адам өмірін сақтап қалу туралы борышты ұмытпау; 

 4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал ету; 

 5) пациентке қатысты қаржылық және өзге де бопсалаушылық деректеріне жол бермеу, әріптестердің мұндай іс-әрекеттеріне жол бермеуге күш салу; 

 6) өзінің іс-әрекеттері арқылы қоғам тарапынан негізді сынға алуға себеп бермеу, сынға шыдамдылық таныту, кәсіби қызмет кемшіліктерін жою мен жақсарту мақсатында сындарлы шешімдерді пайдалану.